Қазақстандықтар азық-түлікке ай сайын орта есеппен неше теңге жұмсайды?

"Информбюро" бағдарламасы жазғандай, Қазақстан халқы азық-түлікке ай сайын орта есеппен 113 870 теңге жұмсайды.

Freedom Finance Global сарапшыларының мәліметінше, сауалнамаға қатысқан 3 мыңнан астам тұрғынның 27 пайызы айына тамаққа 50 мың теңге кетеді деп жауап берген, деп хабарлайды Aikyn.kz.

30 пайызға жуығы 30 күнде 75-100 мың теңге аралығында жарататынын айтқан.

Әрбір бесінші тұрғын, яғни 17 пайызы ай сайын тамаққа 100-150 мың теңге бөледі.

Тағы 12 пайызы 75 мыңға дейін, қалған 10 пайызы 150-200 мың теңге қаржысын азығына арнайды екен.