Денсаулық сақтау министрлігі мерзімді әскерге шақырылушыларды тексеру кезінде зерттеулерге қосымша өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Қажет болған жағдайда медициналық көрсеткіштер бойынша қосымша кеңес беру-диагностикалық қызметтер Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес көрсетіледі", – делінген министрлік хабарламасында.
Әскерге баратындарға келесі міндетті тексерулер жүргізіледі:
- жалпы қан талдауы;
- несеп талдауы;
- кеуде қуысының флюорографиялық зерттеуі;
- электрокардиографиялық зерттеулер;
- микропреципитация реакциясы арқылы мерезге талдау;
- бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі;
- бауыр, көкбауыр, ұйқы безінің ультрадыбыстық зерттеуі;
- АИТВ инфекциясына қан талдауы.