Жетісу облысында жер сілкінді

Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы мәлімдеді.

Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстанның Ұлттық деректер орталығының жедел деректеріне сәйкес, 26 қазанда Астана уақытымен сағат 11.24-те Лепсі ауылынан батысқа қарай 30 шақырым жерде жер сілкінісі болды.

Магнитудасы 3,6 болған.

Энергетикалық класс - 8,3.