Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді аман алып қалды

Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.

Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйел мен оның сәбиін аман алып қалды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қатерлі жағдайда болған әйел қаладағы №2 аурухананың перзентхана бөліміне шұғыл жеткізілген.

«Жүкті әйел ауруханаға қатты қан кетумен және үшінші дәрежелі геморрагиялық шок жағдайында түсті. Операция үстелінде оның жүрегі тоқтап қалды, бірақ анестезиологтер, акушер-гинекологтер, операциялық медбикелер және трансфузиологтерден тұратын дәрігерлер тобының үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында оны аман алып қалды. Қан кетуді тоқтату үшін операция жасалды, нәтижесінде науқастың өміріне төнген қауіп жойылды», – делінген хабарламада.

Дәрігерлердің айтуынша, анасы мен сәбиінің жағдайы тұрақты және олар жақында үйіне шығарылады.