Алматы облысында бесінші қабатта өрт шығып, зейнеткер қария ауруханаға жеткізілді

Өрттің себебі анықталып жатыр.

26 қазанда Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар баспалдақ маршымен 5 адамды эвакуациялады. Ал қалған 15 тұрғын өздігінен далаға шыққан.

Құтқарушылар өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол бермей, 70 шаршы метр алған жалынды сөндірді.

"Өрт салдарынан 1957 жылы туған әйел адам күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Өрттің себебі анықталып жатыр", – делінген министрлік хабарламасында.