Күрестен әлем чемпионаты: Ризабек Айтмұхан мен Алан Оралбек жартылай финалда

Ризабек Айтмұхан (97 келі) ресейлік қарсыласынан басым түсті.

Еркін күрестен Ұлттық құраманың екі балуаны Тиранада өтіп жатқан (U23) әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.     

Спортты дамыту дирекциясының мәліметі бойынша, Алан Оралбек (57 келі) моңғолиялық, ал Ризабек Айтмұхан (97 келі) ресейлік қарсыласынан басым түсті. 

Жартылай финал белдесулері 2 сағаттан соң басталады. 

Өкінішке қарай, Ернұр Нұрғазы (70 келі) мен Жеңіс Қаныбеков (79 келі) ширек финалда сүрінді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.