Ғылым және жоғары білім министрлігі "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру бойынша конкурс жариялайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл конкурс ең үздік педагогикалық тәжірибені анықтауға бағытталған және 2015 жылғы 16 наурыздағы №124 бұйрыққа сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа ҚР азаматтары, ЖОО-ның штаттық оқытушылары қатыса алады. Қатысушының кемінде бес жылдық үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі болуы қажет.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2024 жылғы 1 қарашадан 11 қарашаға дейін жалғасады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.