Қазақстандық танымал әнші Мейрамбек Бесбаевтың келіншегі желіде бұған дейін еш жерде жарияламаған гендер пати шарасы қалай өткенін көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жақында үшінші перзентін дүниеге әкелген Мархабат Бесбаева Instagram-дағы парақшасында гендер пати шарасының видеосын жариялады.
Белгілі болғандай, ерлі-зайыпты бұл атаулы күнді тек ет-жақындарымен өткізген. Оған қоса, үшінші перзентінің жынысын анықтауға оларға үлкен қызы мен ұлы көмектескен. Бейнежазба басында Мейрамбек Бесбаев та, келіншегі де болашақ сәбиі ұл болатынын айтты. Алайда ерлі-зайыпты болжауынан қателесіп, соңында қызды болатынын білді.
"Осындай сый бергеніне Аллаға шүкір! Жұғысты болсын баршаңызға", – деп жазды Мархабат Бесбаева.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.