Ақын Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті

Бұл туралы әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова хабарлады.

Белгілі ақын, сазгер, асаба, Мәдениет саласының үздігі, көркем сөз оқу шебері Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова хабарлады. 

"Жаным Құрмашым, әлі сенер емеспін, жақсы адамым! Жаның жәннатта болсын! Жақында ғана Құрмашым телефон соғып, дауысы саңқ ете қалды. "Гүлім менің, саған арнап жаздым, WhatsApp оқышы деп жіберіп еді. Қоштасқың келіп, айта-айта жүрсін дедің бе екен", - деп жазды продюсер Instagram-дағы парақшасында. 

Құрманай Бақтиярқызы көпшіліктің ықыласына бөленген бірқатар әннің авторы. Атап айтсақ, Асқар Жүнісбековтің орындауындағы "Толғанай", Серік Ибрагимовтың "Вокзалда қауышқан қыз", "Жаяу", "Алау" тобының орындауындағы "Гүл әпше", Кәмшат Жолдыбаеваның "Сүйіктім", Алтынай Жорабаеваның  орныдауындағы бірнеше әннің сөзін жазған.

Айта кетейік, жылдың басында Құрманай Бақтиярқызы ауруханаға түсіп, өзіне 7 рет ота жасалғанын айтқан болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.