Қазақстан барысы белгілі болды

Астанада Республика күніне орай ұйымдас­тырыл­ған қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» ХІІІ республикалық турнирі аяқталды. Бұл тур­нирге өңірлік жарыстардың қорытындысы бо­йынша іріктеліп алынған еліміздің үздік палуандары жиналды.

«Қазақстан Барысы – 2024» атағын Абай ауданының палуаны Ерасыл Қажыбаев жеңіп алды. Шымкенттік Ерсұлтан Мұзаппаров екінші, Абай ауданынан келген Саят Шәмшиев үшінші орынды иеленді.

Ерасылға турнирдің бас жүлдесі 15 миллион теңге, алтын белбеу және тайтұяқ  бұйырды. Жеңімпазға марапаттарды Қазақстан Республика­сының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов табыс етті.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 27,1 миллион теңге болса, оның 3,72 миллионы жаттықтыру­шыларға бөлінген. Жүлде ақшасы келесідей бөлінді:   1 орынға – 15 000 000 теңге, 2 орынға – 3 300 000 теңге, 3 орынға – 1 080 000 теңге. Сонымен қатар кездесуде жеңіске жеткені үшін әр палуанға 100 000 теңге төленді.

Турнирге облыстық жарыстардың қорытындысы бойынша іріктеліп алынған еліміздің 42 үздік балуаны қатысты. Олар 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қала – Астана, Алматы және Шымкент қалаларының атынан қатысты. Турнирге былтырғы жылғы чемпион «Қазақстан Барысы» мен «Әскер Барысы» командасының екі өкілі де қатысты.