«Ажырасқан, қызы бар»: Сиви Махмуди бұрынғы күйеуі туралы айтты

2 жыл кездесіп, сырға салғаннан кейін оның туыстарының бірі әншінің әкесіне болған жағдайды айтқан.

Әнші Сиви Махмуди журналист Анна Данченкоға сұхбат беріп, бұрынғы күйеуіне қатысты шындықты айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«2 жыл кездесіп, сырға салғаннан кейін оның туыстарының бірі әкеме болған жағдайды айтқан. Күтпеген жағдай болды. Оның алғашқы некесінен бір қызы бар екен. Ортақ таныстарымыздан ол екеуіміз ажырасқаннан кейін тағы үйленгенін естідім. Ажырасқан, екі баласы бар әйелмен бірге тұрады екен. Әкесін балаларым сауда орталығынан көріпті. Сол үйленген әйелінің балаларына балмұздақ алып беріп тұрғанын көріпті. Соңғы рет былтыр қыркүйекте хабарласып, қосылғысы келетінін айтты. Мен бас тарттым, үмітіңді үз дедім. Тағы сыбыс келді. Оны қамауға алыпты десем, балаларым жүректері ауырмайтынын айтты», - деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне іздеу жарияланғаны хабарланды.