«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон ықпал етеді. Сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің тек батысында және солтүстік-батысында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте көктайғақ болады. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23, кей уақытта 28 м/с дейін күшейеді. Жамбыл, Батыс, Солтүстік, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман күтіледі, жел 15-20 м/с артады. Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін артады. Күндіз Қызылорда облысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.