Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының финалына шықты

Күндізгі сессияда Жәмила молдовалық сосын чех палуанынан басым түскен.

Жәмила Бақбергенова Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының финалына шығып, алтын медаль үшін таласуға мүмкіндік алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, отандасымыз 72 кг дейінгі салмақтың жартылай финалында 31 жастағы моңғолиялық спортшы Болортунгалаг Зоригты ұтты. Есеп 8-6. 

Айта кетейік, күндізгі сессияда Жәмила молдовалық сосын чех палуанынан басым түскен. Жәмилә Бақбергенова 2021 жылы Ослода, 2022 жылы Белградтағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған. 

Ал былтыр Сербия астанасында үздік үштікті түйіндеген. Енді бозкілем шеберіміз ақтық сында Ами Ишимен (Жапония) күреседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.