29 қазанда Қонаев қаласының маңында болған жол апаты салдарынан бір адам мерт болды, үшеуі жарақат алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Алматы-Өскемен автожолының 85-шақырымында Suzuki Grand Vitara автокөлігінің жүргізушісі, рульге ие бола алмай, аударылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктің жолаушысы 48 жастағы әйел сол жерде қайтыс болды. Түрлі жарақаттары бар үш жолаушы ауруханаға жеткізілді", – делінген Алматы облысы ПД хабарламасында.
Жол апаты фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Өңір полициясы жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға және ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.