Елімізде әскери қызметкерлердің айлығы өседі. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камелетдинов Мәжіліс кулуарында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
– Келесі жылдан бастап әскердің, офицерлердің, келісімшарт бойынша әскери қызметкерлердің айлығы көтеріледі. Үш жыл ішінде (2025-2027 жылдар) 60 пайызға өседі, – деді Камелетдинов.
Алайда Камелетдинов үш жыл ішінде айлықтың қалай өсетінін нақтылаған жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.