160 мың дана медициналық масканы шетелге сатпақ болғандар ұсталды
160 мың дана медициналық масканы шетелге сатпақ болғандар ұсталды
Фото: Интернеттен алынды
137
оқылды
Қазақстаннан 160 мың медициналық бетпердені шетелге сатпақ болған Павлодар облысында 160 мың медициналық бетпердені шетел асырмақ болған. Оны Ресей мен Моңғолияға жеткізуді жоспарлаған. Ұсталған моңғолияның азаматтары өз еліне 8 мың бетпердені алып кетпек болған. Шекарада олар осыншама медициналық тауардың не үшін қажет болғанын олар түсіндіре алмады. Ал Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 150 мың бетпердені Новосібірге жеткізуді көздеген. Ең қызығы, бұл тауарды заңға сәйкес ешкім тәркілей алмайды. Тек елден шығаруға тыйым салынған. Павлодар облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Индира Әбілова: «Медициналық маскаларды, жалпы медициналық бір реттік заттарды жеке пайдалануға арналған, оны өткізуге тыйым салынған. Ешқандай жауапкершілік қарастырылмаған. Мәжбүрлеп алу немесе әкімшілік жауапкершілік алмайды. Демек, тыйым салынып, бұл заттар елімізде қалады», – деді.