Испаниядағы су тасқынынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар бар ма?

Испанияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 95 адамға жетті.

Сыртқы істер министрлігі Испанияда су тасқынынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Испания билігінің алдын ала мәліметінше, Валенсияда зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ», – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров бейсенбіде.

Еске салайық, Испанияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 95 адамға жетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.