UFC: Шавкат Рахмоновтың қарсыласы алдағы жекпе-жектен бас тартты

Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммад арасындағы жекпе-жек 7 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтуі керек болған еді.

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мұхаммад алдағы Шавкат Рахмоновпен болатын жекпе-жектен бас тартты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы аустралиялық инсайдер Брэндон Брэдфорд Х желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді. 

- UFC 310 турниріне жаңа басты жекпе-жек қажет болса, онда бұл мүмкіндікті пайдалануға дайын бір жігіт бар екенін білемін, - деп Брэндон Брэдфорд Шавкат Рахмоновтың жаңа қарсыласы ретінде Алекс Перейраның видеосын жариялады.

Осы ретте ол ақпарат нақтыланған соң UFC Шавкат Рахмоновқа жаңа қарсылас тауып беретінін айтты.

Еске сала кетсек, Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммад арасындағы жекпе-жек 7 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтуі керек болған еді.