Актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрағына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол келесі жылы үйлену тойын шетелде жасауды жоспарлап отырғанын айтты.
“2025 жылы үйлену тойы болады. Бірақ Қазақстанда жасамаймыз. Жолдасым екеуіміз АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында тойлауды жоспарлап отырмыз. Маған “Аяғың ауыр ма?” деген сұрақтар да келіп жатыр. Осы тақырыпты босанғаннан кейін айтайын. Міндетті түрде сіздерден сүйінші сұраймын. Ұлым Асылжанның тойы да мүлдем басқаша форматта өтеді. Сол тойда тағы да бірнеше жаңалығымызды жария етеміз”, – дейді актриса.
Айгүл Иманбаева жасөспірім ұлы бар келіншектің сұрағына жауап берді. Ол екінші рет тұрмыс құруына ұлы қарсы екенін айтқан.
“Негізі балаңызбен көбірек сырласыңыз. Онымен дос болыңыз. Сондай-ақ миыңызбен жұмыс істеңіз. Құдайға сенуді тоқтатпаңыз. Дамуды жалғастыра беріңіз. Сол кезде ұлыңыз да түсініп, жаңа әлемге жол ашылады”, – деп кеңес берді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.