Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Түркияда ұсталды

Ұсталған адам Қазақстанға жеткізілді.

Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша бұзақылық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған қазақстандық азамат Ыстамбұлда ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр жазда ер адам таныстарымен бірге Сарыағаш қаласының кафелерінің бірінде отырған басқа бір адаммен жанжалдасып, оған дене жарақатын салып, мекеменің мүлкіне зақым келтірген.

Ұсталған адам Қазақстанға жеткізілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.