Шавкат Рахмонов Белал Мұхаммадқа қатысты мәлімдеме жасады

Кездесу 7 желтоқсанда Лас-Вегаста (АҚШ) UFC 310 турнирінде өтуі тиіс еді.

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы америкалық Белал Мұхаммадқа үндеу жасады, - деп хабарлайды Aikyn.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Мұхаммад аяғындағы сүйек инфекциясына байланысты Рахмоновқа қарсы титулдық жекпе-жекке шыға алмайтын болды.

Кездесу 7 желтоқсанда Лас-Вегаста (АҚШ) UFC 310 турнирінде өтуі тиіс еді.

«Белалдың тез сауығып кетуін тілеймін. 100% сауығып кеткенде кездесеміз. Қазіргі уақытта UFC 310 турнирінде уақытша титул үшін кез келген үміткермен жұдырықтасуға дайынмын», - деп жазды Рахмонов әлеуметтік желідегі парақшасында.