Танымал кәсіпкер Дана Қанапина өмірден өтті

Ол кәсіпті күйеуі Асқар Қанапинмен бірге жүргізген еді.

Танымал кәсіпкер Дана Қанапина өмірден озды, - деп хабарлайды  Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Астаналық кондитер және кәсіпкер Дана Қанапина десерттерінің арқасында танымал болған кондитерлік дүкендер желісін құрды. Ол - кондитерлік өнердің шебері ретінде ғана емес, сонымен қатар, бизнеске деген көзқарасымен және жергілікті аспаз мәдениетін дамытуға деген ұмтылысымен танымал тұлға. Ол кәсіпті күйеуі Асқар Қанапинмен бірге жүргізген еді.

Әлеуметтік желіде әйелдің өлімі туралы ақпарат пайда болды. Дана Қанапинаның Instagram-парақшасында жерлеу рәсімі 3 қарашада Астанада өтетіні жазылған. 

Дана Қанапина сырқаттан қайтыс болғаны белгілі. Бұған дейін ол әлеуметтік желідегі жазбаларының бірінде онкологиялық ауру туралы ойын жазған еді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.