«Сені маған жолықтырған Жаратқанға мың алғыс»: Заттыбек Көпбосынұлы әйеліне арнап әсерлі жазба жариялады

Әнші жарының суретін бөлісіп, сезімін өлең жолдарымен білдірген.

Әнші Заттыбек Көпбосынұлы әйелін туған күнімен құттықтап, әсерлі жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Әнші жарының суретін бөлісіп, сезімін өлең жолдарымен білдірген. 

«Туған күніңмен! 

Сен барда асқар таумын, 

Сен жоқта тас-талқанмын. 

Сәні мен дәмі бөлек 

Сен жайған дастарханның 

Мың мадақ Жаратқанға 

Бағалы бақытымсың 

Бақыттан бас тартады кім 

Мың мадақ жаратқанға ...

Мына өлеңді Қалқаман Сарин жарына арнаған, мен осы өлеңді ән қылып өзіңе арнадым. Сені маған жолықтырған Жаратқанға мың алғыс. Бірге көретін жақсылығымыз көп болсын. Алланың бізге сый еткен балапандарымыздың қанатын қатайтып, көкке самғап, биікке өрлегенін көрсетсін деп тілеймін Алладан", деп жазды әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.