Астанада төрт қабатты паркингтен өрт шықты

Паркингтің екінші қабатында тұрған автокөлік отқа оранған.

Төтенше жағдай туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп жазады Aikyn.kz. 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін жеке жабық паркингтің екінші қабатындағы автокөліктен өрт шыққанын анықтады.

«Өрт толығымен сөндірілді. Нақтыланған мәліметтер бойынша,  паркингте жеңіл автокөлік өртенген. Үй-жайларды желдету жүргізілуде», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ.