Теміржол өткелінде жеңіл көлік пойызға соқтығысып, 3 адам көз жұмды, тағы 3 жолаушы ауруханада

Полицейлер жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ақмола облысында теміржол өткелінде жеңіл көлік пойызға соқтығысып, соның салдарынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі Степногор-Заводской тасжолымен келе жатып, бір жолды теміржол өткелінде үш цистернасы бар локомотивке соғылған. 

"Жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, екі жолаушы ауруханада көз жұмды, тағы үш жолаушы түрлі дене жарақатымен Степногор қаласының ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу шаралары аясында жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептері анықталып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы Анара Нүкенова.