Маңғыстауда куәлігі жоқ жүргізуші жол апатына түсіп, ізін суытқаны үшін бір айға қамалды

Іс материалдарына сәйкес, жергілікті тұрғынның жүргізуші куәлігінің мерзімі 2016 жылы біткен.

Осы жылдың қыркүйек айының соңында ол Nissan Primera көлігінің тізгініне отырып, рульді басқара алмай, Баутино ауылында жол жиегіндегі шам бағанасына соғылған. Содан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен, - деп жазады Aikyn.kz

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде құқық бұзушы полиция қызметкерлеріне ұсталды.

Сот отырысында ер адам өз кінәсін толығымен мойындап, соттан қамауға алумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

"Сот оның бұрын жасаған әкімшілік құқықбұзушылықтарының санын ескере отырып, сондай-ақ жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды белгілемей, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 611-бабы 3-бөлігімен ("Жүргізушінің көлік жүргізу құқығынан айырылуы") кінәлі деп таныды. Ол 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - делінген  Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің ақпаратында.