Желтоқсан айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

30 және 31 желтоқсан күндері жұмыс күндері болып белгіленді.

2024 жылдың аяқталуына аз уақыт қалды. Желтоқсанда отандастарымыз мерекеге орай бірнеше күн демалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

16 желтоқсанда тойланатын Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қосымша демалысқа шығады. 2024 жылы мереке дүйсенбіге сәйкес келеді, сондықтан отандастарымыз қатарынан үш күн демалыс алады.

Демалыс күнінің кестесі мынадай:

  • 14 желтоқсан, сенбі: алты күндік жұмыс істейтіндер үшін жұмыс күні және бес күндік жұмыс істейтіндер үшін демалыс күні;
  • 15 желтоқсан, жексенбі: демалыс күні;
  • 16 желтоқсан, дүйсенбі: Тәуелсіздік күні. Бұл күні барлығы демалады.

Ал 30 және 31 желтоқсан күндері жұмыс күндері болады. 2025 жылдың қаңтарында қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесіне орай 1 және 2 қаңтарда демалады. Ал 3 қаңтар жұмыс күні.