Көктайғақ болады: 3 қарашаға арналған ауа райы болжамы

14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Қазгидромет 3 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.   

Синоптиктердің болжамы бойынша, Атырау облысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Атырау қаласында 3 қарашада оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде екпіні 18 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақытта 23-28 м/с. Қостанайда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбеде күндіз жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с. Ақтауда тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Қызылорда облысында жел оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Семейде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Өскеменде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Павлодарда күндіз оңтүстіктен жел соғады екпіні 15-18 м/с.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.