Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президенті Александр Вучичке көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Сербия президенті Александр Вучичке көңіл айтты.
– Осындай ауыр сәтте достас Сербия халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтамын. Оқыс оқиғада бақилық болғандардың туыстарына сабыр, ал зардап шеккен жандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін,– деп жазылған жеделхатта.
Айта кетейік, Сербияда халық ең көп шоғырланған Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында бетон шатыр құлап, 14 адам қаза тапты. Бұл туралы ел президенті Александр Вучич мәлімдеген еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.