Бокстан әлем чемпионаты: Аружан Зейнуллаева алтын медаль алды

Аружан Зейнуллаева финалда өзбекстандық Рухшон Парпиевамен жұдырықтасып, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Черногорияда өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында Аружан Зейнуллаева Қазақстан қоржынына үшінші алтын медальды салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аружан Зейнуллаева финалда өзбекстандық Рухшон Парпиевамен жұдырықтасып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Есеп – 5:0. 

Айта кетейік, бұған дейін 67 келіде өнер көрсеткен Төрехан Сабырхан мен 75 келідегі Санжарәлі Бегалиев әлем чемпионы атанды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.