Алматыдағы биік таулы «Медеу» мұзайдынында жаппай сырғанау маусымы ресми түрде ашылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алғашқы келушілер үшін ашылу салтанаты ұйымдастырылды.
"Алматылықтардың, тұрақты келушілердің пікірі мен өтінішін ескердік. Іс-шараларды ұйымдастыруға жауапты барлық қызмет мұзайдынын толық дайындап үлгерді, қажетті инфрақұрылым толығымен дайын, қала тұрғындарының уақытын осында өткізетініне қуаныштымыз", - деді спорт нысандары дирекциясының өкілі Олжас Ершеев.
Санаулы минутта күш-қуат алып, уақытын пайдалы өткізуге асыққан адамдар айдынға лық толды.
Сонымен қатар келушілер үшін қазақстандық эстрада жұлдыздарының концерті ұйымдастырылды.
Жаңа маусымда қонақтарды күнделікті жаппай сырғанау, мерекелік іс-шаралар және спорттық жарыстар күтеді. Келушілер конькиді жалға алып, демалыс аймағын пайдалана алады. Қонақтардың ыңғайы үшін мұзайдыны аумағында жылдам тамақтану орындары да ұйымдастырылады.