Астанада 15 автобустың бағдары уақытша өзгереді

Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметі мәлім етті.

Астанада сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін 15 автобустың бағдары уақытша өзгереді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

"Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары! 3 қарашада сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін LRT эстакадасының уақытша металл тіректерін демонтаждауға байланысты, Мәңгілік ел даңғылы бойында Сығанақ көшесімен қиылысында жолды толығымен жабу жоспарланды. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – делінген City Transportation Systems  ЖШС хабарламасында.