Ұлытауда жоғалып кеткен балықшылар табылды

Оларды іздеуге арнайы мамандар жұмылдырылды.

Құтқарушылар адасып қалған балықшыларды тапты, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, түнде 112 пультіне Ұлытау облысында екі адамның Сарысу көліне балық аулауға кеткені және байланысқа шықпағаны туралы хабарлама түсті.

- Келген ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қайықпен жүзіп кетіп, адасып кеткен 1960 және 1968 жылдары туған ер адамдарды тапты. Олар зардап шеккен жоқ, – деп қосты ведомство.

Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыздар,-  деп ескертті мамандар.