Атырау облысы прокуратурасының мәліметінше, Andora Construction ЖШС директоры 2020-2023 жылдар аралығында үлескерлерден ақша тарту үшін әкімдіктен рұқсат алмай, жалған алдын ала келісімдер жасап, 25 азаматты 313 млн теңгеге алдап кетті, - деп жазады Aikyn.kz.
2024 жылғы 23 қазанда Атырау қаласының No2 сотының үкімімен ЖШС директоры аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Сондай-ақ, «Назик Групп» ЖШС директоры мен «Атамекен Тұрын үй» тұрғын үй кооперативінің құрылтайшысы Family Town, «Байсанат резиденция» МКҚК-ны осыған ұқсас фактілер бойынша сотталды", - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар биыл прокурорлық қадағалау аясында екі құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 1 миллион теңге айыппұл салынды.