Қазақстанның әйелдер хоккей құрамасы Азия чемпионатында 3-орын алды

Соңғы ойында біздің хоккейшілер Оңтүстік Кореяға қарсы ойнады.

Қазақстан әйелдер хоккей құрамасы Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, соңғы ойында біздің хоккейшілер Оңтүстік Кореяға қарсы ойнады. 

Бұл кездесуге дейін екі құрама да Қытай мен Жапонияға есе жіберген еді.

Негізгі уақыт 4:4 есебімен аяқталды. Қосымша уақытта да жеңімпаз анықталмады. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы буллиттер сериясында жеңіске жетіп, чемпионатты үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, Қытай және Жапония құрамалары бірінші орынды сарапқа салатын болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram   арнасынан таба аласыз.