Бокстан Будва (Черногория) қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Өнер Сейілхан жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
71 келідегі Өнер Сейілхан финалдық айқаста Алексей Гуковтан (Ресей) 5:0 есебімен жеңді.
Біріншілік барысында Өнер Беларусь (5:0), Пәкістан (5:0), Албания (5:0) және Өзбекстан (4:1) боксшыларынан басым түсті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.