«95 келі болдым. Күйеуім толықтығымнан ұялып, бірге жүрмейтін»: Зарина Омарова ешкімге айтпаған сырын ақтарды

Әнші артық салмақтан арылу үшін күйеуімен бәстескен.

Әнші Зарина Омарова баламен үйде отырғанда артық салмақ қосып, қиын кездерді бастан өткергенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Әнші Айнұр Ілиясоваға берген  сұхбатында салмағы 95 келіге жетіп, күйеуі қасына ертіп жүруге ұялғанын айтты. Осыдан кейін артық салмақтан арылу үшін күйеуімен бәстескен екен. 

«Қалай салмақ қосып алғанымды білмей қалдым. Күнде үйдесің, таңертеңнен кешке дейін ас бөлмесінен шықпайсың. Балалар бар. Үйдің бар тірлігін істеймін. Сондай бір кезең болды. Соны істеу керек болды. Бір күні қонаққа бардық. Мен дәумін. 95 келі. Сол жерде күйеуім маған қарады да, “Ана жаққа барып отыршы” деді. 20 минуттан соң жүргізуші шақырып, үйге бардым. Таң атқанша жыладым», — дейді әнші.

Ол күйеуіне ренжімегенін, керісінше бұған өзін кінәлағанын жеткізді. Әнші бәстескен кезде күйеуі сенбегенін айтады. Алайда өнер иесі алты айдың ішінде 95-тен 60 келіге арықтап, сахнаға оралды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.