Consumer Reports тұтынушыға баға мен сапа арақатынасында тиімді саналған шиналар топтамасын анықтады. Aikyn.kz осы сынақ нәтижелеріне сүйеніп, үздік деп танылған шиналарды ұсынады.
Бір қарағанда шиналар бірдей көрінуі мүмкін, бірақ олардың айырмашылықтары айтарлықтай: жасалған материалы, резеңке қоспасының химиясы, протектор суреті мен дизайны.
Consumer Reports нарықтағы негізгі шиналарды сынау арқылы тұтынушылар ажырата алмайтын техникалық сипаттарын анықтады. Шинаның сапасы оның тежегіштік қасиетіне, көліктің басқарылуына, жылдамдығына, жүргенде шығаратын шуылына және бензин үнемдеуіне байланысты.
Ең жақсы маусымдық шиналар қандай?
Сарапшылар барлық маусымға арналған шиналар үшін Michelin (ML) Defender 2 шинасын ұсынады. Бөлшек саудада 176 доллардан 200 долларға дейін бағаланатын бұл шиналар жолмен сенімді ілініседі, бірқалыпты жүреді және протекторы ұзақ қызмет етеді.
Жоғары сапалы барлық маусымдық шиналар
Егер сізде люкс санатындағы седан немесе спорттық көлік болса, $195 тұратын Michelin Pilot Sport All Season 4-ті таңдаңыз. Олар әдеттегі маусымдық шиналарға қарағанда ылғалды және құрғақ жағдайларда жақсы басқаруды және жылдам тоқтауды қамтамасыз етеді. Бірақ олардың протекторлары тез тозады және жүрісі де жайлы болмауы мүмкін.
Ең жақсы қысқы шиналар
Nokian Hakkepaliitta R5 шиналары қысқы шиналардың жақсы үлгісі. Бөлшек бағасы – $240. Шиналар қысқы жолдармен ілінісі өте жақсы. Бұл шина суық және қолайсыз ауа райында басқа шиналарға қарағанда жақсы жүреді, сырғанамай тоқтауға және бұрылыстардан сенімді өтуге мүмкіндік береді.
Қымбатырақ қысқы шиналардың ішінде Bridgestone (BRDCY) Blizzak LM005-ті ұсынуға болады. Оның бағасы $478, олар қаланың мұзды жолдарында өзін жақсы көрсеткен, қар мен мұзда жолмен ілінісуі өте жақсы.
Ал жазғы маусымға бүгіннен дайындық жасағыңыз келсе мына жоғары сапалы жазғы шинаны байқап көріңіз. Спорттық автомобильдерге және басқа да әсіресе спорттық седандарға Michelin Pilot Sport 4 тиімді болады. Оның бағасы 145-238 доллар аралығында ауытқуы мүмкін, протектордың қызмет ету мерзімі 64 000 шақырым. Олар мұзда немесе қарда жүруге жарамайды, бірақ жаңбыр жауып тұрса да, жылы ауа райында сапалы жүруді қамтамасыз етеді.
Қазір нарықта тұтынушының барлық талабы мен талғамына, қаржылай мүмкіндігіне сәйкес келетін шиналардың барлық түрлері бар. Олардың қатарына BFGoodrich, Bridgestone, Continental, Cooper, Falken, Firestone, General, Goodyear, Hankook, Kumho, Michelin, Nexen, Nitto, Nokian, Pirelli, Sumitomo және басқа да көптеген бренд бар. Қаржыңызды үнемдегіңіз келсе қысқы шиналарды жаз айларында, жазғы шиналарды қыста тапсырыс беріп алуға кеңес береміз. Жолыңыз қауіпсіз болсын!
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.