Хасан Қасымбаев ұсталғаны туралы ақпарат тарады: полиция мән-жайды айтты

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, азамат Қ. 2 қарашада уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Талғардағы ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі атанған Хасан Қасымбаев ұсталғаны туралы ақпарат тарады,– деп хабарлайды Aikyn.kz.

Полиция ақпаратты кейін растады.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, азамат Қ. 2 қарашада уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ол 2021 жылдың маусымында А.-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген.

"Қазіргі уақытта қылмыстардың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілді", – делінген хабарламада.

Тергеу облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.