Шымкент қаласы прокуратурасымен заңсыз есірткі заттарын жарнамалау деректері анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан Республикасы Бас прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында қала прокуратурасымен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалармен есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын Telegram каналдары анықталды.
Атқарылған жұмыс нәтижесінде «Кибернадзор» жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 18 Telegram канал бұғатталды.
Сондай-ақ қала прокуратурасымен бұл бағытта жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табуда.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.