Астанада LRT пойызы операторларын оқытуға алдын ала қабылдау басталды

Оқу мерзімі 1 жылға дейін.

City Transportation Systems ЖШС жеңіл рельсті көлік желісінде жұмыс істейтін пойыз операторларын (машинист) оқытуға алдын ала қабылдау басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

LRT құрамдары толығымен автоматтандырылған және пилотсыз болады.

LRT пойыз операторларының негізгі міндеттері:  

  • жолаушылардың қауіпсіздігін және пойыздың техникалық жағдайын, барлық қауіпсіздік нормаларының сақталуын қадағалау;  
  • автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысын үздіксіз бақылау, ақауларды анықтау және жою;
  • вагондардың электрлі жылытуды/желдетуді сақтау, жолаушыларды отырғызып/түсіру тәртібін реттеу, жылжымалы құрамның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша басқа да жұмыстарды атқару.  

Жұмыс беруші тарапынан ұсынылады:  

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналасу;  
  • жұмыс берушінің есебінен біліктілікті арттыру/оқыту. Оқыту нәтижесі бойынша LRT басқаруға арналған халықаралық үлгідегі сертификат беріледі.  

Оқу мерзімі 1 жылға дейін. Оқыту Астана қ./ҚХР жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының азаматтарынан құралады.

Мақсат – мамандандырылған компанияны жұмысқа тартпай, LRT жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу дағдыларын үйрету (ағымдағы және күрделі жөндеу).

Үміткерлерге қойылатын талаптар:  

  • теміржол көлігі саласындағы жоғары білім;  
  • жұмыс тәжірибесі локомотив машинисі лауазымында кемінде 3 жыл/локомотив машинисі көмікшісі ретінде кемінде 5 жыл.  

Жұмыс ауысымдық кесте бойынша жүзеге асырылады.

Түйіндеме CTS ресми сайты арқылы қабылданады.