Бүркеншік аты: Mygalim
Мұғалім сезімі
Оқушы, ренжіме сен ұстазыңа,
Ұрысса, тек көмек бергісі келген.
Қателігіңді көріп, кешірген,
Мәселені шешуге бағыт берген.
Сабақ оқы, үй тапсырмасын орында,
Ұстаздың еңбегі оқушы үшін зор мұнда.
Қиын тақырыпты түсінсін деп,
Жүрегіңе салып, бәрін айтып берген.
Ұстаз сендер үшин оқып, ізденеді,
Әрбір тақырыпты жеңілдетіп береді.
Білімін жай ғана сендерге арнап,
Бар күш-жігерін жұмсай біледі.
Дөрекі сөз айтпа бала, ұстазыңа,
Әр сөзің жүрегін жаралайды қара.
Оның да бар өз мәселесі, отбасы,
Ал сенің сөздерің оны ауырлата.
Ұстаздың да жаны бар, жүрегі нәзік,
Әрбір оқушы үшін алаңдап жүреді.
«Ұстаз – анаңдай» деген бекер емес,
Әрқайсыңды жақсы көреді шексіз, төзгіш.
Ұстаз жүрегімен жаныңа жол көрсетеді,
Сендердің жетістікке жетуіңді тілейді.
Тілейді бәріңе білімнің биігін,
Жүрегіңдегі арманның шың биігін.
Ұстаз болу – үлкен міндет, жүк,
Әр оқушысы үшін жанын салып жүр.
Дайындап ұйқысыз түндерде сабақты,
Бәріңе беруге дайын білімді, талапты.
Ұстаз – сендер үшін жарық жұлдыздай,
Жол көрсетер сендерге білім нұрын жай.
Бірақ сен оны, бәлкім, сезбей жүрерсің,
Есейгенде ғана бағасын білерсің.
Мектеп бітіріп, қоштасарда соңында,
Көздерден тамар жас сол кезде ақырында.
Ұстаздың жүрегі қуанып, риза,
Бар еңбегі ақталды сол сәтте шынында.
Есейип, қайтып келсең мектепке,
Амандасып, хал сұрасаң тек бір рет,
Ұстаздың жүреги шаттанады сол сәтте,
Сендерді көргенде шын бақытқа бөлене.
Оқушысы үшін ұстаздың жүрегі соғады,
Сендерді мәңгі есте сақтап, қолдайды.
Өмірде сендермен бірге жүргендей,
Жүрегінде барсыңдар, әрқашан да шынайы.
Кейде оқушы жоқ болсаң мектеп ішінде,
Орын бос қалады, жүрек толы іштей де.
Бірақ сендер әрдайым ұстаз жүрегінде,
Сендерге арналған үміт, махаббат ішінде.
Сендерсиз мектеп тыныш, бірақ бос емес,
Жүрекке әр шәкірттің орны толмас келмес.
Ұстаздың жүрегі соғып тұрады әрқашан,
Өмірдің мәні сендерде, шәкірттер, шынайы.
Ұстаз сендер үшін әр қадамды қадағалайды,
Әрбір жеңісіңді жүрекпен сезіп, бағалайды.
Окушы үшін тек жақсылық тілеумен,
Өмір жолында арнап, берер бәрін жүрекпен.