Мүмкіндігі шектеулі жандардың мұқтаждығы ескерілмеген
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мұқтаждығы ескерілмеген
133
оқылды
Елордадағы «Нұрлы жол» вок­залы – мүмкіндігі шек­теулі жандардың та­лап­­т­арына сай толық бейім­делген Қазақ­стан­дағы жалғыз теміржол. Nur Otan партиялық бақы­лау комитетінің отыры­сын­да ерекше қажет­ті­лік­тері бар адамдар үшін ин­фрақұрылымның да­муы туралы сөз болды. Биыл 13-21 ақпан аралы­ғын­­да комитеттің жұмыс то­бы Қазақстан бойынша 92 кө­лік нысанын, оның ішін­де 25 теміржол вокзалы мен 31 ав­то­вок­зал, сондай-ақ 24 те­міржол және 12 авто­бус стансасын тек­сер­ді. Мониторинг нәтижесі жұм­­сақ тілмен айтқанда таң­­ға­ларлықтай. Мәжіліс депу­та­ты, Қазақстан мүгедектер кон­федерациясының президен­ті Жанат Омарбекова теміржол вокзалдарының 38%-ы ға­­на ұлттық стандарт талап­та­­ры­на сәйкес келетінін айт­ты. Де­генмен мемлекеттік орган­дар­дың деректері басқаша сөй­лейді. – Жергілікті атқарушы ор­ган­­­дардың мәліметтеріне сәй­кес, көліктік қызмет көр­сету ны­сандарын бейімдеу және пас­порттау жұмыстары бар­лық өңірлерде аяқталған. Яғни, нысандар ресми түрде қа­был­данып, барлық санаттағы адамдар үшін қолжетімді, – деді Жанат Омарбекова. Спикер қоғамдық көлікке ерекше назар аударды. Елі­міз­де тұрақты автобус маршрут­та­рын­да барлығы 11 563 автобус қатынайды. Алайда олардың төрт­тен бір бөлігі ғана ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жабдықталған.
– Мүмкіндігі шектеулі жан­­­дар­­ды тасымалдау үшін 2 664 бірлік немесе 23%-ы ға­на бейімделген. Бұл ретте, «Ав­­­то­мобиль көлігі туралы» заң­­­ға сәйкес, қоғам­дық кө­лік­­­­тер мүм­кіндігі шек­теу­лі жо­­лаушы­лар­ды отыр­ғы­­зуға жә­не түсіруге арнал­­ған құ­рыл­­ғылармен жаб­дықталуы тиіс. Егер тіпті, заң норма­ла­­ры сақталмайтын болса, он­­да бұл жерде қандай қол­же­­тім­ділік туралы айтуға болады, – деді мү­гедектер кон­фе­де­ра­ция­сы­ның басшысы.
Айтылған сынға жауап ре­тінде Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов министрлік қоғамдық нысандарға (мектеп­тер, ауруханалар, әуежайлар және т.б.) қатаң бақылау жүр­гі­зе­тінін мәлімдеді.
– Өткен жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарына қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша 1 300 тексеріс жүргізілді. 212 ны­сан бойынша 46 млн теңгеге әкім­­шілік айыппұл салынды. Әр­түрлі мекемелердің қолжетім­ді­лігінің интерактивті картасы көр­сетілген inva.gov.kz портал жұ­мыс істейді. Оған бүгінде 31 мың­нан астам нысанның де­рек­тері енгізілген. Жергілікті ат­қарушы билікке мемлекеттік органдардың нысандарын бейім­деу, қайта жаңарту үшін то­лық көлемде қаражат бөлін­бей­тінін атап өту керек, – деді вице-министр.
Мәжіліс депутаты, Пар­тия­­лық бақылау комитеті­нің төрағасы Павел Казан­цев қар­жы­ландырудың же­­тіс­­­пеуші­лі­гіне күмән келтір­ді. Оның айтуынша, халық қалау­лы­лары өңірлерге жиі барып, қолжетімді ортаны құруға назар аударады. – Саяси ерік бар, жоспар ор­та­лық деңгейде бекітілді. Ақша бар, қаржыландырылып жатыр. Тек құмға сіңген судай болып кетіп жатыр. Ал пандус – бұл ғарыш айлағы ма? Бұл ғи­мараттың тұрғанына 500 жыл болса да, пандус жасап, на­ви­­гациялық тақталарды, көр­сет­кіштерді бекіту қиын емес, – деді комитет төрағасы. Бүгінгі күні Қазақстанда 700 мың­ға жуық мүгедектігі бар аза­маттар тұрады, ал халықтың 30%-ға жуығы әлеуметтік жағ­да­йы төмен топтарға жатады. Айта кету керек, Елбасы – Nur Otan партиясының Төра­ға­сы Нұрсұлтан Назарбаев­тың тап­сырмасы бойынша қолға алынған «Кедергісіз келешек» жо­басы аясында елімізде 20 мың­нан астам әлеуметтік ма­ңы­зы бар нысандар бейім­деліп, заңнамаға 78 түзетулер қа­был­данып, ҚНжЕ және т.б. қайта қаралды. Nur Otan пар­тия­сы­ның 13 мыңға жуық мүшесі – мүмкіндігі шектеулі жандар.   Ерке ЕРҚОҢЫР