Бір-бірін қаламайды: Белгілі психолог көйлек пен юбканың әйелдерге әсері туралы айтты

Қызғалдақ Аманбайдың пайымынша, әйелдер шалбардың бәрін лақтырып тастап, тек көйлек пен юбка киюі керек.

Қазіргі таңда әйелдер қауымының ұзын етек емес, шалбарға әуес болып кеткені рас, деп жазады Aikyn.kz

Белгілі психолог Қызғалдақ Аманбай әйелдерге нәзіктікті қалыптастыруға қатысты кеңесін бөлісті.

"Нәзіктікке қатысты күшті техника білемін. Ол үйдегі барлық шалбардың барлығын лақтырып тастап, біріңғай көйлек пен юбка кию. Өте қатты әсер етеді. Мысалы, мен осы түсірілімнің өзіне юбка киіп келдім. Себебі, шалбармен келсем, еркек сияқты қатты айтуым мүмкін. Сондықтан, өз нәзіктігімді сақтау үшін, мен маңызды шараларда юбкамен жүруді құптаймын. Еркек болып кетсе, күйеуімен қақтығыс болады. Себебі, бір үйде екі еркектің басы сыймайды. Жыныстық қатынас бұзылады. Бір-бірін қаламайды. Себебі, еркек санасыз түрде, қасында әйелі емес, еркек бар екенін сезінеді", - дейді ол.

Психологтың оқырмандарының басым көпшілігі, оны қолдап, мұның дәлелденген екенін айтты.