Reuters агенттігі жаһандық нарықта қазан айында жылдам өскен технологиялық компаниялар туралы жазды. Осы материалға сүйенген Aikyn.kz ірі компаниялардың өсу динамикасын талдайды.
Nvidia жаңа суперкомпьютерлік ЖИ чиптеріне деген сұраныстың өсуінің арқасында қазан айында 278 млрд долларға өсті. Бұл тек чип шығаратын компанияны ғана емес басқа да ғаламдық компаниялардың нарықтық құнының көтерілуіне себеп болды. Өйткені көптеген компаниялар ЖИ-ді өздерінің операциялық қызметінде пайдалануды күшейтті, жаңа деректер орталықтарын салуда, осының бәріне чиптер керек.
Nvidia-ның нарықтық капитализациясы қазан айында 9,3%-ға өсіп, 3,26 триллион долларды құраған, ал тайвандық TSMC чип жасаушысының құны 6,5%-ға өсіп, 833 миллиард долларға жетті. Осының бәрі ЖИ-ге деген, чиптерге деген сұраныстың артуынан.
Apple компаниясы аз ғана уақыт өзінің көшбасшылығын Nvidia-ға беріп қойды, бірақ кейін қайтарып алды. Өткен айда өсу болжамдары мен Қытайдағы баяу сатылымдарға байланысты Apple-дің нарықтық құны 3%-ға төмендеп 3,4 триллион доллар болған, кейін баға қайтадан көтерілді.
Meta мен Microsoft-тың нарықтық құны қазан айында екі компания ЖИ-ге жұмсайтын шығындары өскенін мәлімдегеннен кейін төмендеген.
UBS Global Wealth Management-тің бас инвестициялық директоры Марк Хефеле (Mark Haefele) ЖИ-ге өзінің оң көзқарасын сақтап, инвесторларға қысқа мерзімді құбылмалылықты пайдаланып, ЖИ-ге байланысты компаниялардың акцияларын сатып алуға, көбейтуге кеңес беруде: «Біз таңдаулы орта және ірі технологиялық компанияларға қолдау көрсетуді жалғастырамыз және біздің ЖИ портфеліміз 2024 жылы 35% және 2025 жылы 25% өсім береді деп күтеміз».
Азияда Tencent Holdings-тің нарықтық құны қазан айында 9%-ға төмендеп, 483 миллиард АҚШ доллар болды. Бұл әлсіз экономикалық деректердің, геосаяси шиеленістердің және инвесторлардың үкіметтік қолдау шараларын ойластыруына байланысты Қытай акцияларының құлдырауымен байланысты болды.
АҚШ-тың дәрі-дәрмек өндірушісі Eli Lilly's-дің нарықтық құны өткен айда 6,45%-ға азайып, 787,6 млрд доллар болды. Себебі, оның салмақ жоғалтуға және қант диабетіне қарсы танымал дәрілерінің соңғы тоқсандардағы сатылымы Уолл-стриттің күткенінен аз болғандықтан, оның акциялары құлдыраған.
Уолл-стрит (Wall Street) – Нью-Йорктегі Манхэттеннің төменгі бөлігіндегі Бродвейден Ист-Ривер жағалауына апаратын шағын тар көше. Қаланың тарихи қалыптасқан қаржы орталығы болып саналады. Нью-Йорк қор биржасы (New York Stock Exchange, NYSE) осы көшеде орналасқан. Бейнелеп айтқанда, бұл биржаның өзі үшін де, тұтастай алғанда бүкіл АҚШ қор нарығының атауы. Қаржылық ауданның өзін кейде Wall Street деп атайды.
Бұдан 5-10 жыл бұрын осы тар көшеде әлемдік экономиканың жүрегі соғып тұрғандай сезілетін. Қазір Ресей, Қытай, Үндістан және басқа да азиялық мемлекеттер доллардың әлемдік төлем жүйесіндегі мызғымастай болып көрінген монополиясын қирата бастады.
Ия, әлемдік нарық қазір өте сезімтал, геосаясаттағы әрбір сыбырға құлақ түреді, тұтынушының көңіл-күйін аңдиды. Үлкен бизнес осылай жұмыс істейді.
Мына әзіл видео да үлкен ақшаға құмар адамдарды көрсетеді: