«Жақсы жар бола алмадым»: режиссер Талғат Теменов жеке өмірі туралы айтты

Режиссер жақсы жар бола алмағанын, балаларына алыстан қамқор болып жүргенін жасырмады.

Белгілі режиссер Талғат Теменов "Сырласу" бағдарламасында отбасы туралы айтты, – деп жазды  Aikyn.kz.

Режиссер жақсы жар бола алмағанын, бүгінде балаларына алыстан қамқор болып жүргенін жасырмады.

"Жақсы жар бола алмадым. Мінезім жаман. Өнер адамдарынан жақсы жар, күйеу шығады дегенге өз басым сенбеймін. Бар болса бар шығар, олар мен үшін идеал. Мен идеал емеспін. Мен алыстан қамқор, жанашыр, тілекші ғана әкемін. Өйткені, оларға мен ешқандай байлық қалдыра алмадым. Мен оларға адалдықты, тазалықты, атқа кір келтірмеуді ғана көрсеттім. Басқа қолымнан ештеңе келмеді", – деді режиссер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.