Бельгияның премьер-министрі Софи Вильмес Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейін COVID-19 коронавирусымен күрес күшейтілді. Елде 3 сәуір – пасха мейрамының басына дейін мектептерде сабақ тоқтатылды. Барлық көңіл көтеру шараларын тоқтатты. Мейрамханалар, дәмханалар мен клубтар жабылды. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқалары апта бойы ашық болады, бірақ демалыс күндері жабылады. Барлық азаматқа, мүмкіндігінше, үйден шықпай жұмыс істеу ұсынылуда. Қоғамдық көлік жұмысын жалғастырады, алайда премьер-министр оны аса қажет болған жағдайда ғана пайдалануды ұсынды. 11 миллионнан астам адам тұратын Бельгияда коронавирустан үш адам көз жұмды. 369 адам COVID-19 вирусына тест тапсырды. Коронавирус бар екені анқталған. Ал Арменияда да коронавирусқа байланысты жиын өтті. Бұған дейін COVID-19 Иран мен Италиядан келгендерден анықталған болса, жаңа жағдайлар ел ішінде анықталған.
«Жаңадан тіркелген екі науқас инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Вирусты жұқтырғандар – бұған дейін коронавирус анықталған Эчмиадзин қаласының тұрғынымен байланыста болған тұлғалар. Олар өзге науқастармен бірге оқшауландырылды», – деп жазды Денсаулық сақтау министрі Арсен Торосян Facebook-тегі парақшасында.13 наурыз күні барлық білім беру мекемелері және балабақшалар жұмыс істемейді. Қазірге дейін Арменияда 88 адам вирусқа байланысты оқшауланған.