«Поэзия» номинациясы: Тағдырымды таспалаймын өлеңмен

Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы

Бүркеншік аты: Мұратов Мақсат

 

Тағдырымды таспалаймын өлеңмен

 

Тағдырымды таспалаймын өлеңмен,

Өлең жазып шарықтаймын өнермен.

Мына өмір қанша қарсы тұрса да,

Ғұмырымды өлеңге арнап өтем мен.

 

Қыр асамын сынақтардан жаңылмай,

Құдайымнан сұрамаймын Күн мен Ай.

Жыр жазамын жар саламын әлемге,

Жасым жүзге жетпесе де Жамбылдай.

 

Балалықтың артқа тастап қаймағын,

Қамданамын, тілдің сайлап сайманын.

Домбырамды қолыма алып әуелі,

Жорғалаймын қазағымның аймағын.

 

Өлең – ғұмыр, Өлең – семсер шырпыған,

Талайларды көзден алып шұқыған.

Біржан-Сара айтысқанда ақындар,

Аламанда ат оздырып шалқыған.

 

Тағдырымды таспалаймын өлеңмен,

Тартыспаймын талғамы жоқ өмірмен.

Өлең деген тамшысындай жаңбырдың,

Найзағай боп жарқ етеді ау көңілден

 

Мен ғашықпын

 

Vына өмірге қайтадан!

Бұл бақытты тек уақытқа айта алам.

Олай болса өмірімді сүрейін

Ал қарызын ертеме кеш қайтарам…

 

Сырын білмей мен басында өмірдің

Талай білгіш балгер шалға көріндім.

Олда қайран аша алмады сырымды

Одан бетер күңірендім, түңілдім.

 

Қайтып үйге, ақындарша шам жағып

Ақ параққа тамшы жырдан төгілдім.

Тар жол тайғақ кешпесемде Сәкендей

Таршылығын көріп өстім көбінің.

 

Бай мен кедей

Бар мен жоқтың символы

Жаратқанның жанға біткен бұйрығы

Өтсең егер еш күмәнсіз бұралаң

Тосып алдан тұрады екен сыйлығы.

 

Бұлт торласа аспандағы күн айды,

Ақ жүзімнің бар шуағын ұрлайды

Сол себепті жаратқаннан жүрегім

Жаңа өмірдің жоғалмауын сұрайды.

 

Мінезім бар

Таудың ұшар басындай

Бір тербесе тұратұғын басылмай.

Дауыл соқса қабағыма мұнарлап

Өзім жайлы ойға кетем Қасымдай.

 

Тілім өткір болғаны мен азулы

Сөз сөйлеймін межемнен тыс асырмай.

Кей дұшпаным сынап кетсе шетінен

Кейін қарай сөз тастаймын жасырмай.

 

Өмір деген болмайды екен сынақсыз

Қарап тұрсаң қанша тұрып құлаппыз?!

Сырттан келіп жамандаса біреуді

Оны өсектеп, тасып тұрар құлақпыз

 

Қанша ғұмыр берсе дағы құдайым

Қара жердің астындағы қонақпыз!

 

Жас жаным

 

Мен аңсаған армандар дүл дүл еді

Орындалып қаларма кім біледі?

Әйтеуір әрекетін қылған кезде

Ақыл айтып біреулер бүлдіреді

 

Жас жанымның жаралы түймелері

Жарылқайды әлі де күйінеді

Сен аққу бол мен қарға қарқылдаған

Байғұс қарға сонда да күйге енеді

 

Дұшпандарым кемсітпей күлсе мейлі

Мен адалмын сол жағын білсе деймін

Қалтасына байлатып қанжығасын

Бергеніме шүкір қып жүрсе деймін.

 

Ақ көңілмін- ақ парақ, аппақ қардай

Арманнан тыс жырақтап жүрген талай.

Сырт көзге үйлесімді көрінсем де

Жанымнан жыр төгілер жерге қанай.

 

Жан мен тәнді сүйреген жамағаттар

Қай бірін де құдайға қанағат бар

Қой аузынан шөп алмас момын бала

Жеп өседі емеспе шапалақтар?!

 

Асау тағдыр

 

Асау тағдыр,

Арбасында сынақ бар

Алдамшы өмір арнасына тұрақтар.

Мен ақынмын,

өз ауламнан аспайтын

Сенбесең кел, өлеңімнен сыр ақтар.

 

Жырмен

Бөлек, сынға алатын құлақтар.

Мені де бір алаңдатқан сұрақ бар!

Неге арзан болады екен ақынның

Жүрегімен жазған өлең шумақтар?

 

Аңшы болып салсам аңға итімді

Көрсетпейтін едім елге сиқымды.

Қарап тұрсаң, іші қара дұшпанның

Сырты бүтін көрінеді сүйкімді.

 

Сұрамаймын

Аспандағы күн-айды

Арылса да жанарымнан мұң қайғы

Қараңғы да

Қара түнді құшақтап

Оңаша да жалғыз қалған ұнайды.

 

Ақын жүрек

Алқынбайды, зулайды

Сәйгүліктің шабысындай тулайды

Бағалаңдар ақындарды

Барында.

Нағыз ақын екі қайтып тумайды.

 

Сүйем сені

 

Сүйем сені

Сүйіп келем тағатсыз

Қалса дағы жүрек жалғыз парақсыз.

Керек десең бәрін тастап жаным-ау

Ұшып барам айдыныңа қанатсыз.

 

Сүйем сені

Сүрінсемде көк мұзға

Сен тұрғанда қарамаспын көп қызға

Алыстамай жүрсең болды тек менен

Алыстадың менен жырақ онсызда.

 

Қазір қайда

Жүр екенсің, кімменен?

Ұмыт болып қалдым ба екен, әлде мен?!

Таусылмайтын сеніменен әңгімем

Тау жаңғырып тұрушы еді әнменен.

 

Түн аралап

Қол ұстасып көше де,

Күйде болып жүруші едік өзгеше.

Айналамда берілмеген жылуды

Сен беруші ең, ерекше.

 

Көл бетінде қос аққу жүр, қабысып

Сыр алысып ойхой басып, жарысып.

Біз түгілі аспандағы күн мен ай

Сағынысып, қауышады табысып.

 

Сендей сұлу қойды маған табылмай

Қайтсын енді жүрек оты жарылмай

Бұл көктемде оралмасаң сен маған

Сағынышпен сарғаямын қайыңдай.