АҚШ нарығында ұлттық жиһаз брендін дамытуды көздеп отырмын – Аманбек Абшүкір

Қазақстанда кәсіпкерлер арасында танымал Аманбек Абшүкір – жиһаз өнеркәсібіндегі үздіктердің бірі.

Ел ішінде табысты кәсіпкер ретінде ғана танылып қоймай, өзінің компаниясын халықаралық нарыққа шығармақ ниеті бар. Аманбек Абшүкір ұлттық жиһаз брендін АҚШ-та танытпақ. Осылайша, қазақстандық өнеркәсіпті халықаралық деңгейде танытуды мақсат етіп отыр. Аманбек әлемнің көптеген елінде өткен көрмелерге қатысып, шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасып келеді. 

Аманбек Абшүкір жиһаз өндірісінде бастаған кәсібі бірнеше жыл ішінде жоғары жетістікке жетті. Doob.kz компаниясы шағын кәсіптен бастау алып, бүгінде Қазақстандағы ірі жобалардың серіктесі ретінде танылды. Компания қарапайым жиһаздан бастап Үкімет басшыларының залдарын, Назарбаев университеті, ұлттық компаниялар, банктер және қонақүйлерді жабдықтап, 40-тан астам отбасыны тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп келеді. 

«Менің кәсібімнің басты жарнамасы – сапалы өнім. Тұтынушыларға жақсы қызмет көрсетіп, тауарды жылдам жеткізу үшін барымды саламын. Ал заманауи технологияның дамуына ілесіп, білім мен біліктілікті арттыру – сапалы өнім шығарудың маңызды бөлігі», – дейді кәсіпкер.

Аманбек Абшүкір кәсіпкерлікті дамытып қана қоймай, қоғамға да өз үлесін қосып келеді. Елімізде білімді жастарды қолдауға бағытталған бірнеше қайырымдылық жобаларға атсалысты. Бұл – тек сапалы өнімге деген ұмтылыстың ғана емес, әлеуметтік жауапкершіліктің де айқын көрінісі. 

«Мен үшін кәсіпкерлік тек пайда табу ғана емес – нағыз кәсіпкер алдымен қоғамға пайдалы дүние беруді білетін адам деп ойлаймын. Кәсіпкерлер жұмыс орнын ашу мен жақсы тауар ұсыну арқылы елге қызмет етеді. Менікі – сүйікті ісім арқылы қоғамға пайдамды тигізу», – дейді Аманбек. 

Қазір Аманбек Абшүкір АҚШ нарығында ұлттық жиһаз брендін дамытуды көздеуде. Бұл қадам компанияға жаңа мүмкіндіктер ашып, халықаралық деңгейде танылуына ықпал етеді. АҚШ-тың жиһаз өнеркәсібіндегі жетекші нарықпен бәсекеге түсе отырып, қазақстандық өнімнің сапасы мен ұлттық ерекшелігін көрсету арқылы Қазақстанды әлемдік деңгейде танытуды көздеп отыр.

Ұлттық жиһаз брендінің АҚШ нарығындағы дамуы арқылы ол Қазақстанның мәдениеті мен өнеркәсібін жаңа белеске көтеруге атсалыспақ.