«Поэзия» номинациясы: Беу, Хан-Тәңір...

Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы

Бүркеншік аты: Тау ұлымын

Беу, Хан-Тәіңр

 

Беу, Хан-Тәңір, қарлы шың 

Ұлы қазақ, дархан қазақ бармысың

Нарынқолдай топырақта туылған

Соқпақбаев аласармас нармысың

 

Бізге үлгі, жүріп өткен жолдарың

Бізге аманат, бізге мұра жазғаның

Әдебиет, жазушылық әлемде

Таза әрі биік еді, талғамың.

 

Әдебиет әлемінде шарық ұрдың

Жоғын жоқтап, барын мақтап халқыңның

Даңқың сенің сөнбегек емес сірәдә

Көк аспаннан сөнгенінше алтын күн

 

Тектілік бар Нарынқолдың суында

Міндетті оны жалпы адамзат ұғыуға

Хан - Тәңірдей тұрған кезде биік шың

Заңдылыққой Мұқағали, Бердібектер тууда.

 

Көші кетті үлкендер сопақ салып

Біз дәстүрді үзбейік тоқтатпалық

Әңгімесі әлемді мойындатқан

Мәңгі жасар Бердібек Соқпақбаев.

 

Маған қымбат, бабам жатқан барқыт бел!

 

Азат күнім, Азаттығым бағалым

Мойыныңа жырдан моншақ тағамын

Кеңдігіңнен айналайын ұлы елім

Құшағындай сезілетін анамның

 

Бақ, берекең таймасыншы басыңнан

Тәуелсіздік әні естілсін ғасырдан

Есті жол мен үзілмесін қасқа жол

Бізге жеткен Есім менен Қасымнан,

 

Естен кетпес, қарлы дауыл өткен күн

Әмбеге аян азаттыққа қалай елім жеткенің

Түйір тасын бермес едім бөтенге

Бабам жатқан барқыт белмен бөктердің

 

Арта қалды, ой соқтылық, ойлы күн

Күллі әлем мен тереземіз тең бүгін

Бейбіт күннің бесігінде тербелсін

Елдігім мен қайталанбас ерлігім.